User Guide - Windows 8.1
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
●
Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты айналдырып,
сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне
қарсы 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы
бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі
мүмкін.
Саусақты жиектен жылжыту
Саусақты жиектерінен жылжыту параметрлерді өзгерту жəне қолданбаларды табу немесе
пайдалану сияқты тапсырмаларды орындау үшін компьютердегі құралдар тақталарын ашу
мүмкіндігін береді.
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылы шебер түймелерге қатынасуға мүмкіндік береді,
бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе
параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды.
●
Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен жылжытыңыз.
20 Бап 4 Түрту қимылдарын пайдаланып шолу










