User Guide - Windows 8.1

f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта
пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен планшетке орнатылған барлық бағдарламалық
құралдар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық
жүйені, драйверлерді, Windows жаңартуларын жəне тіл пакеттерін қайта орнатады. Барлық
басқа қолданбаларды HP.com мекен-жайынан немесе Windows Store вебсайтынан жүктеп алу
қажет.
ЕСКЕРІМ: Ол үшін үшін сыртқы пернетақта, тінтуір жəне сыртқы флэш карта қажет болады.
Түпнұсқалық қатты диск бейнесін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Сенсорлы тақтаның оң жақ
жиегін сипаңыз, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз. РК деп жазыңыз
жəне Этот ПК (осы компьютер) тармағын түртіңіз.
3. Егер HP қалпына келтіру бөлшегі
тізімде болса, планшетті өшіріңіз.
4. Планшетті қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысын азайту түймелерін қатар басыңыз.
Бастау мəзірі көрсетіледі.
5. F11 HP Recovery (HP қалпына келтіру) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Қосу құрылғыларының реті туралы
Қосу ретін өзгертіп, сыртқы құрылғы арқылы қосу мүмкіндігін қолданыңыз:
ЕСКЕРІМ: Оны орындау үшін сыртқы флэш драйв қажет.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Планшетті өшіріңіз.
3. Сыртық флэш драйвты жалғаңыз.
4. Планшетті қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысын азайту түймелерін қатар басыңыз.
Бастау мəзірі көрсетіледі.
5. F9 Boot Options (қосу опциялары) пəрменін түртіңіз.
6. Бастау құралы ретінде сыртқы флэш драйвын таңдаңыз.
7. Планшетті қайта бастаңыз.
Windows жүйесін жаңарту немесе Windows жүйесін қалпына келтіру
мүмкіндіктерін пайдалану
Планшет дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет
болғанда, Windows жүйесінің жаңалау функциясы маңызды ақпаратты сақтап, қайта бастау
мүмкіндігін береді.
Windows жүйесін қайта реттеу опциясы компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа
тастамас бұрын компьютерді толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруға немесе жеке
ақпаратыңызды жоюға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты
«
Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) бағдарламасынан қараңыз.
40 Бап 10 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру