User Manual (Windows Embedded)
4 Түрту қимылдарын пайдаланып шолу
Планшет сенсорлы экрандағы сенсорлы қимылдарды түрту арқылы шолу мүмкіндігін ұсынады.
Планшетпен бірге жабдықталған Windows Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулық сенсорлы
тақта немесе қосымша пернетақта көмегімен орындалатын жалпы тапсырмалар туралы ақпаратпен
қамтамасыз етеді.
Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану
Сенсорлы экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді.
Бір саусақты сырғыту
Көбінесе, бір саусақты сырғыту қимылы панорамалау немесе тізімдер мен беттерді айналдыру үшін
қолданылады, бірақ оны нысанды жылжыту сияқты басқа да әрекеттерді орындау мақсатымен
пайдалана аласыз.
●
Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастау экранында көп бағдарлама ашық болған кезде, экранды сол немесе оң жаққа
жылжыту үшін саусағыңызды сырғытыңыз.
●
Нысанды жылжыту мақсатымен сүйреу үшін, оны ұстап тұрыңыз да, қажет жерге жылжытыңыз.
Түрту
Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз.
●
Экрандағы нысанды таңдау үшін оны бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет
түртіңіз.
18 4-тарау Түрту қимылдарын пайдаланып шолу










