User Guide - Windows 10

3 Желі қосылымдары
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі
байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың
ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
WLAN құрылғысы компьютерлерді корпоративті офистер, үй жəне əуежайлар, мейрамханалар,
кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сияқты қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері,
сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде
компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру
нүктесімен байланысады.
HP мобильді
кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы өнімдерде) көптеген аймақтарда сымсыз
байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы болып табылады.
Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық жерінде бүкіл облыстар,
аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын тиімді қамтамасыз ететін (ұялы
телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды орнатады.
Bluetooth құрылғысы - компьютерлер, телефондар,
принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер жəне
камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған құрылғылармен байланысу үшін басқа жеке аймақтық
желіні (PAN) жасайды. PAN желісіндегі əр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады жəне
бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, əдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут)
қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешесін пайдалана отырып
басқаруға болады:
Сымсыз байланыс түймешігіұшу режимі пернесі» немесе «сымсыз байланыс пернесі» де деп
аталады) (осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады).
Амалдық жүйе басқару элементтері
20 3-тарау Желі қосылымдары