User Guide - Windows 10

Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нəтиже
алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Гарнитураны қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
немесе
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК
(Менің ДК) опциясын, Спецификации (Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды гарнитураны компьютердегі
аудио шығыс (құлақаспап) ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс
параметрлерін пайдаланыңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) пəрменін таңдаңыз
.
немесе
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Бастау
тақтасы) пəрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар жəне дыбыс)
опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
Компьютерде Bang & Olufsen, DTS, Beats аудио немесе басқа брендтің жақсартылған дыбыс жүйесі болуы
мүмкін. Нəтижеде компьютеріңізге аудио жүйеңізге арналған аудио басқару панелі арқылы бақыланатын
кеңейтілген аудио
мүмкіндіктері қосылуы мүмкін.
Дыбыстық параметрлерді көру жəне басқару үшін дыбыстың басқару панелін пайдаланыңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) опциясын таңдап, аудио жүйесіне тəн дыбысты басқару панелін
таңдаңыз.
немесе
Дыбысты пайдалану 29