User Guide - Windows 10

ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе
компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Спящий режим
(Ұйқылық күй) тармағын таңдаңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың
тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты компьютерде
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Пайдаланушы таңдауымен қосылған күту күйін қосу жəне шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту
үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
немесе
Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз)
сілтемесін басыңыз.
3. Изменение параметров, которые сейчас недоступны (Ағымдағы қол жеткізгісіз параметрлерді
өзгерту) пəрменін таңдаңыз жəне При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде)
немесе При нажатии кнопки сна (Ұйқы
түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту
режимі) пəрменін таңдаңыз.
немесе
Қуат мəзірінде Күту режимі опциясын көрсету үшін Параметры завершения работы (Жұмысты
аяқтау параметрлерінен) Гибернация (Күту режимі) тармағын таңдаңыз.
4. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі
.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру
үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам
кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Қуат параметрлерін орнату 35