User Guide - Windows 10
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы компьютерлерде
ғана графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында қолданылады.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика жəне құралдар) қойыншасын
таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі
НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау
қызметімен хабарласыңыз.
HP Support Assistant орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар.
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару жəне дұрыс күтім мен
сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне сыйымдылығы туралы
ақпарат
HP Battery Check бағдарламасын пайдалану
HP Support Assistant компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпаратты береді.
HP Battery Check бағдарламасын іске қосу үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Battery Check бағдарламасының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы
қуат көзіне жалғануы тиіс.
2. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
3. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика жəне құралдар) қойыншасын
таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі
НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау
қызметімен хабарласыңыз.
HP Battery Check бағдарламасы батареяның жəне оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді
жəне тексерудің нəтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲
Меңзерді Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесінің
үстіне апарыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 37