User Guide - Windows 10

Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың
жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын,
күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Батареяны жоғарыға тартып (2), компьютерден шығарып алыңыз (3).
Батарея қуатын үнемдеу
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
немесе
Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз.
Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан
шығыңыз.
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының
жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе
шығарып алыңыз.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
Қуат параметрлерін орнату 39