User Guide - Windows 10
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер
Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы
тағайындалады.
●
BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады.
Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
●
Windows құпия сөздері Windows амалдық жүйесінде ғана орнатылады
.
●
Егер DriveLock қолданушы құпия сөзі мен Computer Setup құралының DriveLock негізгі құпия сөзінің
екеуін де ұмытып қалсаңыз, осы құпия сөздермен қорғалған қатты диск мүлдем жабылып қалады
жəне оларды қолдану ары қарай мүмкін болмайды.
Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының мүмкіндігі үшін жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндігі
үшін пайдалануға болады. Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының бірнеше мүмкіндігі үшін
пайдалануға болады.
Құпия сөздерді
жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді есіңізде сақтаңыз:
●
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
●
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз жəне Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
●
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер басқарушысы) құралын веб-
тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыз үшін пайдаланушы аттары мен
құпия сөздерін сақтау
мақсатымен пайдаланыңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды қауіпсіз оқуыңызға болады.
●
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде əдетте қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшісінің құпия сөздерінің тізімі берілген
жəне олардың функциялары сипатталған.
Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі*Windows əкімші есептік жазбасына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінің əкімші құпия сөзін
тағайындау арқылы BIOS əкімші құпия сөзі тағайындалмайды.
Пайдаланушы құпия сөзі*Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды.
*Windows жүйесінің əкімші құпия сөзін тағайындау туралы ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
Поддержка (қолдау) сөзін жазып, одан кейін, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: BIOS əкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді
жоюға болмауы мүмкін.
44 7-тарау Қауіпсіздік