User Guide - Windows 10

ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне
жол бермеңіз.
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау
сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет
қолданылатын майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды жəне қоқымдарды
кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі
кеңестерін орындаңыз.
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
Барлық дискілерді жəне жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз.
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
Компьютерді сөндіріңіз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып
жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден
бөлек ұстаңыз.
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында
болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы конвейерлік жолдар жəне соған
ұқсас қауіпсіздік құрылғылары
магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін қолданады да,
дискілерге зиян келтірмейді.
Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты ұшу
алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Əуе сапары кезінде компьютер қолдануға рұқсат беру
əуе компаниясының құзырында.
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен «FRAGILE»
(Тез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
Кейбір орталарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда,
ауруханаларда
, жарылғыш заттардың жанында жəне қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы
мүмкін. Егер компьютердегі сымсыз құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз,
компьютерді іске қосудан бұрын рұқсат сұраңыз.
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
Өзіңіз баратын əр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз.
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат
сымы мен адаптері бойынша
қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы
мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті
азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы
қоспаңыз.
58 8-тарау Күтім