User Guide - Windows 10
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз:
●
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз жəне экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу)
опциясын таңдаңыз жəне enter пернесін басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup мəзірлерінен
шығу үшін
Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз жəне enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мəндеріне қайтару үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (65-бет) бөлімін қараңыз.
2. Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Apply Factory Defaults and Exit (Зауыттық əдепкі параметрлерді
қолданып шығу) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы өнімдерде, опциялар тізімінде Apply Factory Defaults and Exit (Зауыттық
əдепкі мəндерді қолданып шығу) опциясының орнына Restore Defaults (Əдепкілерді қалпына
келтіру) опциясы көрсетілуі мүмкін.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау)
белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз жəне enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік жəне тіл
параметрлері зауыттың əдепкі параметрлерін сақтағанда
өзгертілмейді.
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
66 10-тарау Computer Setup (BIOS), TPM жəне HP Sure Start