User Guide - Windows 7
Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде)
Сызу экрандарда жылжытуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді.
●
Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол
немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз.
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей
функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пернетақта əрекеттер пернелері мен жылдам
пернелердің арнайы функцияларын орындауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Жылдам пернелерді анықтау
Жылдам перне – fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2), немесе функционалдық пернелердің
біреуі (3), (4) пернесінің тіркесімі.
ЕСКЕРТПЕ: Жылдам пернелердің орналасқан жерлері туралы ақпаратты Компьютермен
танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc
Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
Пернетақтаны пайдалану
29