User Guide - Windows 7
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплейге жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4
пернелер тіркесімін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақ
ытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, кө
рсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нəтижелер үшін «Кеңейтілген» мүмкіндігі пайдаланылған кезде,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеу мақсатымен келесі əрекеттерді
орындаңыз: Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и
персонализация (Безендіру жəне даралау) тармақтарын таңда
ңыз. Дисплей санатынан
Регулировать разрешение экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқышты босату
түймешігін басыңыз.
Thunderbolt DisplayPort құрылғысын жалғау
Thunderbolt дисплей порты ажыратымдылығы жоғары дисплейге немесе өнімділігі жоғары
деректер құрылғысына қосады. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда бұл порт
өнімділігі жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Thunderbolt жаңа технология болып табылады. Құрылғыңызды Thunderbolt
портына жалғамас бұрын, Thunderbolt құрылғысына арналған ең соңғы драйверлердің барлығын
орнатыңыз. Thunderbolt сымы жəне Thunderbolt құрылғысы (бөлек сатылады) Windows
жүйесімен үйлесімді болуы тиіс. Құрылғының Windows үшін сертификатталған
Thunderbolt
құрылғысы екенін анықтау үшін,
https://thunderbolttechnology.net/products мекенжайы бойынша
сілтемені таңдаңыз.
1. Thunderbolt дисплей порты кабелінің бір ұшын компьютердегі Thunderbolt дисплей
портына жалғаңыз.
Бейне
37