User Guide - Windows 7

Бірнеше дисплейді орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Сыртқы концентраторды (бөлек сатып алынады) DP-DP кабелін (бөлек сатып алынады)
пайдаланып, компьютеріңіздегі DisplayPort (DP) портына жалғаңыз. Концентратордың қуат
адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын
VGA порттрына немесе концентратордағы DisplayPorts
порттарына жалғаңыз.
3. Бірнеше дисплейді орнату туралы қосымша ақпаратты алу үшін Nvidia Control Panel ішіне
өтіңіз немесе Бастау экранындағы іздеу жолағында screen resolution (экран
ажыратымдылығы) сөзін теріңіз, не fn+f4 пернелерін басыңыз. ҚОСылған дисплейлердің
бірін көрмесеңіз,
əр құрылғының концентратордағы тиісті портқа қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше дисплей таңдауының ішінде омпьютеріңіздің экранын барлық қосулы
дисплейлерде қосарлап көрсететін "Duplicate (Көшіру)" параметрі немесе компьютеріңіздің
экранын барлық қосылған дисплейлерге кеңейтіп көрсететін "Extend (Кеңейту)" параметрі
қамтылған.
Intel сымсыз дисплейі (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® сымсыз дисплейі компьютердегі мазмұнды теледидарда сымсыз бөлісу мүмкіндігін
береді. Сымсыз дисплейді пайдалану үшін, сымсыз ТД адаптері (бөлек сатылады) қажет.
Сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі бар DVD дискісі Intel сымсыз дисплейінде ойнатылмауы
мүмкін. (Бірақ сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі жоқ DVD
дискісі ойнатылатын болады.)
Сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі бар Blu-ray дискілері Intel сымсыз дисплейінде
ойнатылмайды. Сымсыз теледидар адаптерін пайдалану туралы толық ақпаратты өндірушінің
нұсқауларынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз дисплейді пайдаланбас бұрын сымсыз байланыстың компьютерде
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Бейне
39