User Guide - Windows 7

2. Батареядағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралап, батареяны ұясына нық
отырғанша басыңыз (2).
Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады.
Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны
шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп
тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
3. Батареяны жоғарыға тартып (2), компьютерден шығарып алыңыз (3).
Батарея қуатын үнемдеу
Windows жүйесінің Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры электропитания
(Қуат параметрлерін) параметрі арқылы төмен қуат деңгейін пайдалану параметрлерін
таңдаңыз.
Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
Қуат параметрлерін орнату
45