User Guide - Windows 7
ExpressCard картансын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Ақпаратты сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. ExpressCard картасын босату жə
не шығарып алу:
а. ExpressCard картасын ашу үшін, оған ақырындап (1) басыңыз.
ə. ExpressCard картасын ұядан суырып алыңыз (2).
Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: Смарт
-
карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі
түрін білдіреді.
Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі
қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті жəне шығысты
басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын
қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Өндірісте қолданылатын смарт карталар
оқу құралдарымен (тек
таңдаулы үлгілерде) бірге пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт-картаның қауіпсіздік
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама жəне қолдау орталығына кіру
үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Аны
қтама жəне қолдау) пəрмендерін таңдаңыз.
Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
53