User Guide - Windows 7
4. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасын солға
қарай сырғытыңыз (3) жəне таңдасаңыз, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту
үшін, қосымша бұранданы салып, қатайтыңыз (4). Қызмет көрсетуге арналған
есікті
құлыптау үшін, босату ысырмасын оңға қарай ысырыңыз (5).
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны қызмет көрсетуге
арналған есіктің астында сақтай аласыз.
5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (44-бет) қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі
екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу (45-бет) бөлімін қараңыз).
5. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу (58-бет)
бөлімін қараңыз).
Қатты дискілерді пайдалану
59