User Guide - Windows 7

11. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін растау үшін, қайта теріп, enter пернесін
басыңыз.
12. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында DriveLock
деп теріп, enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін растағанда, əріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек.
13. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау жəне шығу) пə
рмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Құпия сөздерді пайдалану
69