User Guide - Windows 7

Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау жəне шығу) пəрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Автоматты DriveLock қорғанысын алу
Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін,
f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard
Drive Tools (Қатты диск құралдары) > Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock)
тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. BIOS əкімшісінің құпия сөзіне кіріп, enter
пернесін басыңыз.
5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter
пернесін басыңыз.
6. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Disable protection (Қорғанысты
ажырату) пəрменін таңдаңыз.
7. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен
шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау жəне шығу) пəрмендерін, одан кейін enter пернесін таң
даңыз.
TPM кірістірілген қауіпсіздік құрылғысы (тек таңдаулы
үлгілерде)
TPM (Сенімді платформа модулі) компьютер үшін қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. TPM
параметрлерін Computer Setup ішінде өзгертуге болады. Computer Setup параметрлерін өзгерту
туралы ақпарат алу үшін
Computer Setup пайдалану (87-бет) бөлімін қараңыз.
Setup Utility ішіндегі TPM параметрлері келесі кестеде көрсетіледі.
Параметрлер Қызмет
TPM кірістірілген қауіпсіздік құрылғысы Бар/Жасырын
Егер əкімші құпиясөзі орнатылған болса, Available (Бар) параметрін
таңдай аласыз.
Егер Hidden (Жасырын) параметрін таңдасаңыз, TPM құрылғысы
амалдық жүйеде көрсетілмейді.
TPM күйі Қосылған/ажыратылған
Егер əкімші құпиясөзі орнатылмаған
болса немесе TPM Security
Device (ТРМ қауіпсіздік құрылғысы) мүмкіндігі Hidden (Жасырын)
параметріне орнатылған болса, бұл опция көрінбейді.
Бұл мəн TPM құрылғысының ағымдағы физикалық күйін көрсетеді.
Құрылғының күйі Embedded Security State (Кірістірілген қауіпсіздік
күйі) параметрі ар
қылы қосылады немесе ажыратылады.
72
9-тарау Қауіпсіздік