User Guide - Windows 7
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір шарттар аясында желіаралық қалқан бағдарламасы Интернет
ойындарына кіруге мүмкіндік бермейді, желіде принтер немесе файл бөлісуіне араласады,
немесе тіркелген электрондық хат қосымшаларын ашпайды. Мəселені шешу үшін, желіаралық
қалқан бағдарламасын уақытша өшіріп, қажет шаралар қолданған соң,
оны қайта қосыңыз.
Мəселені шешу үшін, желіаралық бағдарламасының параметрлерін уақытша өзгертіңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Амалдық жүйе үшін жаңартулар жəне басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан
жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Компьютерге қол жетімді барлық
жаңартулардың орнатылғанын тексеру үшін, осы нұсқауларды орындаңыз.
1. Компьютерді орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update (Windows жа
ңарту)
бағдарламасын іске қосыңыз.
2. Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
3. Windows жəне басқа Microsoft бағдарламаларының жаңартуларын шығарылған кезде
Microsoft веб-торабы, сондай-ақ анықтама жəне қолдау орталығындағы жаңартулар
сілтемесі арқылы алың
ыз.
HP Client Security Manager пайдалану
HP Client Security Manager бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын ала
орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға болады.
Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз
кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының
анықтамасынан қараңыз.
74
9-тарау Қауіпсіздік