User Guide - Windows 8.1
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
(2)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен
қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя
қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ
БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау)
экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері
ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) жəне аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сəйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(3)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысын
қосады.
USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты
USB
құрылғысын пайдалану (59-бет) бөлімінен қараңыз.
(4)
Жаңартуға арналған орын (оптикалық
диск жетегі көрсетілген) (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті
оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады.
ЕСКЕРТПЕ: Дискі үйлесімділігі туралы ақпаратты
Көмек жəне Қолдау
веб-парақтарынан қараңыз
(
Ақпаратты табу (2-бет)тарауын қараңыз). Компьютер
үлгісін таңдау үшін веб-тораптағы нұсқауларды
орындаңыз. Поддержка и драйверы (Қолдау жəне
драйверлер) пəрменін, одан кейін Информация о
продукте (Өнім туралы ақпарат) пəрменін таңдаңыз.
6
2-тарау Компьютермен танысу