User Guide - Windows 8.1

Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+f9
Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10
Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f11
Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді. (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін
арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша
сыртқы сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да
қолдануға болады.
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану
Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша
сыртқы сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да
қолдануға болады. Кірістірілген сандық пернетақта туралы ақпаратты
Пернелер (15-бет)
бөлімінен қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1)
num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын жəне
сандар функциясын атқарады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
(2)
Кірістірілген сандық пернетақта num lock пернесі қосылғанда, оны сыртқы сандық пернетақта
ретінде пайдалануға
болады.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі
, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру
үшін:
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
36
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау