User Guide - Windows 8.1

1. Thunderbolt дисплей порты кабелінің бір ұшын компьютердегі Thunderbolt дисплей
портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4
пернелер тіркесімін басыңыз.
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір
уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын
, дисплей күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Əсіресе, «Кеңейту» параметрін таңдасаңыз, сыртқы құрылғының экран
ажыратымдылығын реттеңіз. Бастау экранында панель управления (басқару тақтасы)
деп жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы)
тармағын таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру жə
не даралау) пəрменін
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын
реттеу) параметрін таңдаңыз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып сымды дисплейлерге
қосылу
Сымды дисплейлерді қосымша концентратор арқылы қосу
MultiStream Transport (MST) технологиясы жалғыз коннектор - DisplayPort арқылы
компьютеріңізден бірнеше дисплейге қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютеріңіз Nvidia графикалық контроллерімен жабдықталған болса,
DisplayPort арқылы 4 сыртқы дисплей құрылғысына дейін қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютеріңіз AMD графикалық контроллерімен жабдықталған болса,
DisplayPort арқылы 6 сыртқы дисплей құрылғысына дейін қосуға болады.
Бейне
43