User Guide - Windows 8.1

ExpressCard картасын салу
ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы жад карталарын зақымдамау үшін, дербес компьютер
картасын ExpressCard ұясына салмаңыз.
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіру қатерін төмендету үшін
ExpressCard картасын күшпен салмаңыз.
ExpressCard картасы пайдаланылып тұрғанда компьютерді басқа орынға жылжытпаңыз
немесе тасымалданбаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен құрылғыңыздың көрінісі сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
ExpressCard ұясында қорғау қосымшасы болуы мүмкін. Қосымшаны алу үшін
1. Қосымшаны бұғаттаудан алу үшін (1) басыңыз.
2. Қосымшаны ұясынан шығарыңыз (2).
ExpressCard картасын салу үшін
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны ExpressCard ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз.
Карта анықталғанда дыбыс естисіз жəне параметрлердің мəзірі көрінуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: ExpressCard картасы бірінші рет қосылған кезде жүйенің құрылғыны
танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қуатты үнемдеу үшін, пайдаланылмаған кезде ExpressCard картасын тоқтатыңыз
немесе шығарып алыңыз.
ExpressCards пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
57