User Guide - Windows 8.1

ExpressCard картасын алып тастау
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Мəліметтеріңізді сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды
жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. ExpressCard картасын босатып,
шығарып алыңыз:
а. ExpressCard картасын (1) жайлап басыңыз.
ə. Сандық картаны оның ұясынан шығарыңыз (2).
Смарт карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: Смарт
-
карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі
түрін білдіреді.
Смарт картажад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі
қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті жəне шығысты
басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын
қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Өндірісте қолданылатын смарт карталар
оқу құралдарымен (тек
таңдаулы үлгілерде) бірге пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт карталардың қауіпсіздік
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP
Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant
белгішесін таңдаңыз.
Смарт картаны енгізу
1. Жапсырмасы бар карта жағын жоғары қаратып, карта нық отырғанша оны смарт карта оқу
құралына жайлап салыңыз.
58
7-тарау Сыртқы карталар жəне құрылғылар