Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 Hewlett-Packard Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны Hewlett-Packard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron, Centrino және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft және Windows — Microsoft компаниялары тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде). МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы үлгілері Intel® Pentium® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде).
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам .......................................................................................................................... 1 HP Apps Store дүкеніне өту ................................................................................................................................. 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ..........
Бейнені пайдалану ............................................................................................................................................. 23 Видео құрылғыларын VGA кабелін пайдалану арқылы қосу .................................................... 23 Видео құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу ........................................................................ 24 HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін ...........................................................................
Қуат мәселелерін шешу .................................................................................................................. 37 Компьютерді өшіру (сөндіру) ........................................................................................................................... 37 7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету ................................................................................................ 39 Компьютер жұмысын жақсарту ..................................................
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру ................................................ 53 Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ....................................................................... 53 НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) .............................. 53 Windows құралдарын пайдалану ....................................................................................................................
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу Анықтама және қолдау орталығы ● Әдістер туралы ақпарат және ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер Дүниежүзілік қолдау ● HP маманымен желіде сөйлесу Өз тіліңізде қолдау алу үшін, http://welcome.hp.
Ресурстар 2. Мазмұны Мой компьютер (Компьютерім), одан кейін Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз. Шектеулі кепілдік* ● Бұл компьютер туралы арнаулы кепілдік ақпараты Бұл құжатты ашу үшін: 1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз. 2.
2 Компьютермен танысу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінен Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып Панель управления (Басқару тақтасын) таңдаңыз. 2.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: Компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: Қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: Компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда. (2) Қатты диск шамы ● (3) USB 2.
Сол жақ Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Aйнымалы ток адаптері/батарея шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея толығымен зарядтаулы емес. ● Ақ түсте жыпылықтау: Айнымалы ТОК адаптері ажыратылды және батарея заряды төмен батарея деңгейіне жетті. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. (3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді.
Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: ▲ Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
Бөлік Сипаттама Веб-камераны пайдалану үшін ▲ Бастау экранында камера деп жазып, бағдарламалар тізімінен Камера пәрменін таңдаңыз. (4) Iшкі микрофон Дыбыс жазады. (5) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Iшкі микрофон Дыбыс жазады. (5) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Жоғарғы жағындағы Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. Түймешіктер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама Windows жұмыс үстелінен Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Параметры питания (Қуат параметрлерін) таңдаңыз.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc немесе бос орын пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. (4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Белгіше Сипаттама Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі. Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Түбіндегі Бөлік Сипаттама (1) Батареяны құлыптау Батарея орнына батареяны құлыптайды. (2) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады. (4) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад карталарын оқиды. Картаны салу үшін: 1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз. 2.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің түбінде, батарея орнының ішінде немесе дисплейдің артында. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз байланыс түймесі Компьютерде сымсыз байланыс түймесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және кейбір үлгілерде бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Егер компьютерде сымсыз байланыс шамы болса, қосулы компьютердің сымсыз байланыс шамы (ақ) жанады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. 2. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының немесе Windows жұмыс үстелінің жоғары оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзерді жылжытыңыз. 3. Настройки (Параметрлер) түймесін басып, желі күйі белгішесін басыңыз. 4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз. 5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және бағдарламалық құралдарға қатынау Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен шектеліп қалмайсыз. Желіге қосылған компьютерлерде бағдарламалық құралдар мен деректерді алмасуға болады. Файлдар, қалталар немесе дискілерді ортақ пайдалану туралы қосымша ақпаратты алу үшін Анықтама және қолдау бөлімін қараңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар және таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз.
Дыбыс деңгейін қарау немесе өзгерту үшін: 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. –немесе– Windows жұмыс үстелінен Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып Панель управления (Басқару тақтасын) таңдаңыз. 2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс) параметрін таңдаңыз. 3. Звуки (Дыбыстар) астындағы Жүйенің дыбыс деңгейін реттеу пәрменін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы сурет компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көрсетіледі. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы сурет компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көрсетіледі. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пәрменін таңдаңыз. 2. Playback (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Әдепкі күйді орнату пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
5 Экранда шарлау Бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Сенсорлық қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді (бөлек сатылады) пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы USB тінтуірі (бөлек сатылады) компьютердегі USB портына жалғанады.
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) жылжыту Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін пайдаланыңыз. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Сол жақ жиегінен (сенсорлы экран ғана) Саусақты сол жақ жиектен жылжыту қымылы ашық бағдарламалар арасында жылдам ауысу үшін оларды көрсетеді. ● Саусағыңызды сенсорлы экранның сол жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Кейін ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз.
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану Пернетақта және тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту күйлері бар. ● Ұйқылық режим – Ұйқылық режим әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде қосылады.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы үлгілерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Бастау экранында параметры питания (қуат параметрлері) сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. 2.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, тінтуір меңзерін қуат өлшегіш белгішесінің үстіне орналастырыңыз. ● Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
3. Батареяны компьютерден (3) шығарып алыңыз. Батарея ақпаратын табу Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін 1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз. 2. Аккумулятор и производительность (Батарея және жұмысы) опциясын таңдаңыз.
● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз. ● USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз. Компьютеріңіз екі аптадан астам пайдаланылмайтын және сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса, қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын және құрғақ жерде бөлек сақтаңыз. Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
АТ көзінен ажырату кезінде: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды. ● Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді. Қуат мәселелерін шешу Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының немесе Windows жұмыс үстелінің жоғары не төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. 3. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) пәрмендерін таңдаңыз және Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін басыңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде жаңартуға кеңес береді. Жаңартулар мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз. HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 3. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына әкелуі мүмкін.
● Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде тасымалдауға болмайды. ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Құпиясөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпиясөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды. ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет.
Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек. Компьютеріңізде вирусқа қарсы бағдарлама алдын ала орнатылуы мүмкін. Компьютерді толығымен қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны таңдауыңызға қарай пайдалануға кеңес беріледі. Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға мүмкіндік беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Touchpoint Manager зиян бағдарламалар мен басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа қабілеттілігін бақылайды және тұтынушыларға түпкі пайдаланушының құрылғысы мен қауіпсіздік мәселелерін шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді.
3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe). BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Орнату сәтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Go (Өту) түймешігін басыңыз. – немесе – Өнімді автоматты түрде анықтау үшін, Find Now (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз. 52 4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз. 5. Diagnostic (Диагностика) бөлімінде қажетті UEFI нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат үлгілердің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. ▲ Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
амалдық жүйені және зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, одан кейін бағдарламалардың параметрлерін реттейді. HP Recovery құралын жүйе параметрлерін бейімдеуге немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық кескінді қалпына келтіруге қолдануға болады. ● Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
▲ Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз. Қосымша ақпаратты және нұсқауларды алу үшін Анықтама және қолдау бағдарламасын қараңыз. Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы үлгілерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы үлгілерде) (58-бет) бөлімінен қараңыз.
● Жүйені қалпына келтіру — Бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған бағдарламалардың параметрлерін реттейді. ● Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) — Амалдық жүйені және барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Computer Setup утилитасын бастаңыз: ▲ Жүктеу опцияларын үшін компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта қосыңыз, esc пернесін тез басып, f9 пернесін басыңыз. 3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы үлгілерде) HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery бөлімін жоюға мүмкіндік береді.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
60 Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында 12-тарау Техникалық сипаттамасы
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А ағытпа, қуат 6 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 24, 26 айнымалы ток адаптері, тексеру 37 айнымалы ток адаптерін тексеру 37 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 астыңғы жағы 16 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 6 Ә әрекеттер пернелері 13 анықтау 13 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 40 бағдарламалық құрал Дискіні дефрагментациялау құралы 39 Дискіні тазалау 39 бағдарламалық құралдың және мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау 46 бағдарламалық
корпоративтік WLAN қосылымы 18 Күту қосу 32 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 35 шығу 32 Күту режимі қосу 31 шығу 31 күтім бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 40 Дискіні дефрагментациялау құралы 39 Дискіні тазалау 39 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 57 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 56 USB флэш картасы 57 дискілер 54, 57 жүйе 56 қолдау көрсетілетін дискілер 54 қосу 57 құрал 57 НР жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен 54 қалпына келтіру бөлімі шығарып алу 58 қалпына келтіру құралы ж
сымсыз байланыс шамы 17 сымсыз басқару элементтері амалдық жүйе 17 түймешігі 17 сымсыз желі, қорғау 46 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 19 корпоративтік WLAN қосылымы 18 қоғамдық WLAN қосылымы 18 қосылу 18 сымсыз куәландыру белгісі 16 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 36 сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 36 сыртқы монитор порты 23 сыртқы монитор порты, анықтау 6 Т температура 36 тұтынылатын қуат 59 түймешіктер сенсорлы тақтаның оң жағы 10 сенсорлы тақтаның сол жағы 10 түймешік 11 тінтуір, сыртқы б