User Guide - Windows 8.1
2
Компьютермен танысу
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге,
құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға немесе
гарнитураға қосылады. Сонымен қатар, қосымша
гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек
микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ
БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск
(Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP
Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады
.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) жəне аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сəйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(2)
USB 2.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады. Барлық USB құрылғылары стандартты USB
порттары арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін
төмен ток қолданылады. Кейбір USB құралғыларын
зарядтау үшін оларды ток беретін портқа
жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтау порты арқылы компьютер
ұйқы режимінде болса да, ұялы телефондардың жəне
MP3 ойнатқыштардың кейбір үлгілерін зарядтауға
болады.
USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты
USB
құрылғысын пайдалану (47-бет) бөлімінен қараңыз.
(3)
RJ-45 (желі) ұясы/шамдары Желілік кабелді қосады.
●
Жасыл түсті (оң жақта): желі қосылған.
4
2-тарау Компьютермен танысу










