User Guide - Windows 8.1
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне
дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
●
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
●
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде
жылжытасыз.
Бұл оқи
ғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: Қатты күйдегі диск жетектерінің (SSDs) қозғалмалы бөлшектері болмағандықтан,
HP 3D DriveGuard қажет емес.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP
3D DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша USB қондыру құрылғысына орнатылған немесе
USB портына қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы жəне/немесе қосымша қатты
диск ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз орнатылғанын көрсету үшін түсін
өзгертеді. Дискілердің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қ
ауіпсіз позицияға
орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені
басыңыз:
Қатты дискілерді пайдалану
55










