Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft компаниялары тобының АҚШтағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу .................................................................................................................................. 4 Оң жағы ..........................
Сенсорлы тақтаны жəне қимылдарды пайдалану .......................................................... 26 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ................................................................ 27 Түрту ................................................................................................................. 27 Жылжу .............................................................................................................. 28 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау ...........................
Қалған батарея зарядын көрсету ................................................................... 44 Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту .................................................. 44 Төмен батарея деңгейлерін басқару .............................................................. 45 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ............................................. 45 Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу ....................................... 45 Батареяны салу жəне шығарып алу .....................
Дискіні тазалау құралын пайдалану ............................................................... 60 HP 3D DriveGuard пайдалану .......................................................................................... 60 HP 3D DriveGuard күйін анықтау .................................................................... 60 9 Қауіпсіздік .................................................................................................................................................... 62 Компьютерді қорғау ..
Нұсқаулар .......................................................................................................................... 78 HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасау ........................ 79 Қалпына келтіру дискілерін жасау ................................................................ 79 Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ............................................................................. 79 Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ...........................
Мəселелерді шешу ............................................................................................................................ 96 Компьютер қосылмайды .................................................................................................. 96 Компьютердің экраны бос ............................................................................................... 96 Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр ...........................................................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (20-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану (70-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Толық өнім ақпаратын, орындау əрекеттерін жəне қосымша ақпаратты қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат гарантии (Кепілдік ақпаратын көру) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде/аймақтарда НР компаниясы басылған НР шектеулі кепілдігін қорапта ұсынады.
2 Компьютермен танысу Оң жағы ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштердің, құлаққаптардың, немесе құлақаспаптың ұясына қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштердің, құлаққаптардың, немесе құлақаспаптың ұясына қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Сол жағы ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат ағытпасы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) Aйнымалы ток адаптері/Батарея шамы ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (52-бет) бөлімінен қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) Қуат ағытпасы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Aйнымалы ток адаптері/Батарея шамы ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған. ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 89%-ға дейін зарядталған. ● Өшірулі: Батарея толық зарядталған.
Дисплей ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) (тек таңдаулы үлгілерде) Дыбыс жазады. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) (тек таңдаулы үлгілерде) Дыбыс жазады. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді.
Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпарат алу үшін, «Саусақты жиектен жылжыту» бөлімін қараңыз (тек таңдаулы үлгілерде). 10 (3) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған.
Бөлік (6) (7) Сипаттама Үндеткіш дыбысын өшіру шамы Сенсорлы тақта шамы Бөлік (1) 12 ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Ақ: компьютер дыбысы қосулы. ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. (6) (7) Үндеткіш дыбысын өшіру шамы Сенсорлы тақта шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Ақ: компьютер дыбысы қосулы. ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. Түймелер, үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады. Компьютер жауап беруді тоқтатса жəне Windows® жүйесінің өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып тұрыңыз. Қуат параметрлеріңіз туралы қосымша ақпарат алу үшін: Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз. (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Бөлік Сипаттама ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Пернелер ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows пернесі Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді. (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі қолданылатын жүйе функцияларын орындайды.
Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows пернесі Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді. (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі қолданылатын жүйе функцияларын орындайды.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск ұясына жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. (3) Батареяның қақпағын ашу ысырмасы Батареяны орнынан шығарады.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз. Егер молульді орнатып, одан кейін ескерту хабарын алсаңыз, компьютер мүмкіндігін қалпына келтіру үшін модульді жойып, қолдау қызметіне хабарласыңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
HP Connection Manager құралының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру үшін. ▲ Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін ▲ Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақ пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз. Төменде берілген суретте интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген. Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді қосуға болады. WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. 2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін басыңыз. 3.
Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы əрекет пернелері немесе төте пернелер болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада Түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. 28 ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
Жүргізіп өту (тек таңдаулы үлгілерде) Сызу экрандарда жылжытуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз. Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пернетақта əрекеттер пернелері мен жылдам пернелердің арнайы функцияларын орындауға мүмкіндік береді.
Пернелер тіркесімі fn+f4 Сипаттама Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, компьютерге монитор қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімін қайта-қайта басу экрандық суретті компьютер жəне монитордың екеуінде де бірдей көрсетілу үшін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырады. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (2) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды. (3) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, орнатылған сандар пернетақтасын қосады жəне сөндіреді.
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне өшіру Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық пернетақтаны өшіру үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Енгізілген сандық пернетақта сыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанған кезде өшірулі.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock шамы сөніп тұрады. Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін: ▲ 34 Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу Сымды құлақаспаптарды жəне гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз. Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады. Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі. 1. VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына қосыңыз. 2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
HDMI HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі (бөлек сатылады) керек болады. Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз: 1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
● Батарея зарядының қалған пайыздағы деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көрсету үшін, меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат өлшегіш белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар: ● Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы ● Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару жəне дұрыс күтім мен сақтау туралы ақпарат ● Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне сыйымдылығы туралы ақпарат Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін ▲ Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > О
Төмен батарея деңгейлерін басқару Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады. Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану басымдықтарының жиынтығы шамдарға əсер етпейді. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды.
3. Батареяны орнына бекіту үшін, (2) батарея төмен қарай орныққанша бұрыңыз, содан кейін (3) батареяны құлыптау ысырмасын сырғытыңыз. Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз. Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі. Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз: ● Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде. ● Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер) Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық режимдермен жабдықталған. ● Ауыспалы графикалық режимдер — AMD™ жəне Intel арқылы қолданылады. Егер компьютеріңізде AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек ауыспалы графикалық режимдер ғана қолданылады. ● Қосарлы графикалық режимдер — тек AMD арқылы қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін, ауыспалы графикалық режимдер бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз. Қосарлы графикалық режимдерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Егер амалдық жүйеңізде қосарлы графикалық режимдер (екі немесе одан да көп графикалық процессор қосылған кезде) болса, DirectX 10 немесе 11-нұсқасын пайдаланатын толық экрандық құрылғылар үшін бағдарлама қуаты мен өнімділігін арттыру мақсатында AMD Radeon қосарлы графикалық режимдерін іске қосуға болады.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Жад карталарын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Əмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш, сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал интерфейсі. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне қосыңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Дискіні құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық тигізуге немесе шектік мəндердегі температураларға не ылғалдық жағдайларына төндіруге болмайды. Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз. ● Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есіктерді алу немесе ауыстыру Қызмет көрсетуге арналған есіктерді алу Жад модулі ұясы, қатты диск пен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсету үшін ашатын есіктерді алыңыз. 1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу (46-бет) бөлімін қараңыз). 2. Батарея ұясын өзіңізден қашықтықта ұстап, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің бұрандасын (1) бұрап босатыңыз. Қызмет көрсету есігінің бұрандасы екі қызмет көрсету есіктерін де бекітіп тұрады. 3.
1. Батарея ұясын өзіңізден қашықтықта ұстап, біріншіден кішірек қызмет көрсету есігін ауыстырып алыңыз. Кішірек қызмет көрсету есігінің тетігін компьютердегі тетікпен біріктіріңіз, содан кейін батарея ұяшығы жағына қарай сырғытыңыз (1). 2. Кішірек қызмет көрсету есігін орнына тұрғанша басыңыз (2) орнына тұрғанша басыңыз. 3. Үлкенрек қызмет көрсету есігін батарея ұяшығына қарай (3) орнына тұрғанша сырғытыңыз. 4.
Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығару үшін: 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. 3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз. 4. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу (46-бет) бөлімін қараңыз). 5. Қызмет көрсету есіктерін алу (Қызмет көрсетуге арналған есіктерді алу (56-бет) бөлімін қараңыз). 6. Қатты дискідегі 4 бұранданы бұрап босатыңыз (1). 7.
3. Қатты диск қақпағындағы 4 бұранданы бұрап бекітіңіз (3). 4. Қызмет көрсету есіктерін ауыстырыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есіктерді ауыстыру (56-бет) бөлімін қараңыз). 5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (45-бет) қараңыз). 6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 7. Компьютерді қосыңыз. Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін: 1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз. 2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-жарақтар) > Служебные (Жүйелік құралдар) > Дефрагментация дисков (Дискіні дефрагментациялау) тармақтарын таңдаңыз. 3. Дефрагментация диска (Диск дефрагментациясы) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды.
жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені басыңыз.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады. ● BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Егер BIOS əкімшісінің құпия сөзін жоюды болдырмау үшін мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жою мүмкін емес. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де қолданылады.
BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз. 4.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу BIOS administrator password (BIOS əкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші құпия сөзі енгізу əрекеті 3 рет қатар сəтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру керек.
7. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 8. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз. 9. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз. 10. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін теріп, enter пернесін басыңыз. 11. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз. 12.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзді енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
4. BIOS əкімшісінің құпия сөзіне кіріп, enter пернесін басыңыз. 5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Set DriveLock Password (DriveLock құпиясөзін орнату) пəрменін таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 6. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз. 7. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Disable protection (Қорғанысты ажырату) пəрменін таңдаңыз. 8.
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау жəне шығу) пəрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз. Автоматты DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2.
● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құралын пайдалану үшін, саусақ ізін HP Client Security бағдарламасының Credential Manager құралында тіркеу қажет.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге жақын арада орнатылғанын тексеріңіз жəне қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз. BIOS жүйесін жаңарту (86-бет) бөлімін қараңыз.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 74 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есіктерді ауыстыру (56-бет) бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (45-бет) қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10. Компьютерді қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид жəне көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз. Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Технологиялар əрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға жəне қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР жəне Windows құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай келтіруге көмектеседі.
немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер қолданыстағы оптикалық диск түріне байланысты болады. ● Қалпына келтіру медиасын жасамас немесе сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз. HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасау HP Recovery Disc Creator — қалпына келтіру дискісін жасаудың салыстырмалы жолын ұсынатын бағдарламалық құрал бағдарламасы.
Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық көшірмесін жасауыңызға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз. ● Тиісті каталогтарда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу медиасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасын сатып алып компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы (82-бет) бөлімін қараңыз.
4. Восстановление запуска (Басталғанда қалпына келтіру) пəрменін таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Пуск (Пуск) > Справка и Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз. f11 қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін: ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз. 3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. 6.
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді сақтамай шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін. ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жаңарту BIOS нұсқаңызбен салыстырғанда ең соңғы жаңарту болса, BIOS жаңартуы жүктеп алынған қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады: ● Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы орнату үшін.
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз жəне Select Boot Device (Жүктеу құрылғысын таңдау) мəзірі ашылады. 2. f9 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен жүктеу құрылғысын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. MultiBoot Express кеңестерін орнату Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын MultiBoot бастау мəзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея орнында немесе қызмет көрсету үшін ашылатын есіктің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
94 Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында 14-тарау Техникалық сипаттамасы
а Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден жад карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығынан табыңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
● Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату жəне қызып кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылыпөшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз. ● Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сəйкес қосыңыз. ● Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
басыңыз. Жоқ түймешігі басылғаннан кейін компьютер мына əрекеттердің біреуін жүзеге асырауы мүмкін: ◦ Ойнату жалғасуы мүмкін. – немесе – ◦ Мультимедиа бағдарламасының ойнату терезесі ашылуы мүмкін. Дискіні ойнатуға қайту үшін, дискіні қайта бастауға мультимедиа бағдарламасында Воспроизвести (Ойнату) түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта бастауыңыз қажет. Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1.
Дискіні көшіру үрдісі басталған жоқ немесе аяқталмас бұрын тоқтатылды ● Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз. ● Ұйқылық күйді өшіріңіз. ● Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз. ● Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз. ● Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз. ● Дискіні көшіріп жатқан кезде, мазмұнды жаңа дискіге көшірмес бұрын бастапқы дискідегі ақпаратты қатты дискіге сақтап, одан кейін қатты дискіден көшіріңіз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 69 шығарып алу 70 ағытпа, қуат 6, 7 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 39 айнымалы ток адаптері, тексеру 48 айнымалы ток адаптерін тексеру 48 ақаулықтарды жою дискіге жазу 100 дискіні ойнату 98 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 99 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 4, 5 аудио функциялар, тексеру 36 аудио функцияларды тексеру 36 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 4, 5 ауыспалы графикалық режимдер 49 Ә əкімші құпия сөзі 63 Б бағдарламалық құрал антивир
желіаралық қалған бағдарламасы 70 жұмыс ортасы 93 И Интернет байланысын орнатқыш 22 К кабельдер USB 53 компьютер, сапарға шығу 47, 95 компьютерді қорғау 75 компьютерді өшіру 41 компьютерді сапарға алып шығу 47, 92, 95 компьютерді тазалау 75 корпоративтік WLAN қосылымы 24 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 31 Күту қосу 42 шығу 42 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазалау 60 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 8, 9 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 17, 33 Қ қалпына келтіру бөлімі
экран жарықтығын азайту 31 экран жарықтығын арттыру 31 экран кескінін ауыстырып қосу 31 пернетақта анықтау 31 енгізілген сандық 16 кірістірілген сандық 17 пернетақта, сыртқы num lock 34 пайдалану 33 пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 30 пернетақталар, анықтау 33 порттар HDMI 6, 7, 39 USB 4, 5 VGA 38 сыртқы монитор 6, 7, 38 Р реттеу утилитасы зауыт параметрлерін қалпына келтіру 85 шарлау жəне таңдау 84 С сақтық көшірме жасау құралдары 78 сақтық көшірмелер жасау 79 қалпына келтіру 81 Сақтық көшірме
микрофон үнзісдендірілген 11, 12 сенсорлы тақта 12, 13 сымсыз байланыс 11, 12 шамдар, қатты диск 61 Ы ысырма, батареяны құлыптау 18 ысырма, батареяның қақпағын ашу 18 І ішкі дисплей қосқышы 8, 9 ішкі микрофондар, анықтау 8, 9 Э экран жарықтығы пернелері 31 экран кескіні, ауыстырып қосу 31 электростатикалық разряд 101 A Aйнымалы ток адаптері/батарея шамы 6, 7 B BIOS жаңарту 86 жаңартуды жүктеп алу 86 нұсқаны анықтау 86 Bluetooth жапсырмасы 92 Bluetooth құрылғысы 20, 24 C caps lock шамы, анықтау 11, 12 Comput