User Guide - Windows 7

Сол жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(2)
Қуат ағытпасы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(3)
Aйнымалы ток адаптері/Батарея шамы
Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне
батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған.
Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған
жəне батарея 0 - 89%-ға дейін зарядталған
.
Өшірулі: Батарея толық зарядталған.
(4)
Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп
отыруы
қалыпты жағдай.
(5)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(6)
RJ-45 (желі) ұясы/шамдары Желілік кабелді қосады.
Жасыл түсті (оң жақта): желі қосылған.
Сары түсті (сол жақта): Желіде əрекет орын алуда.
(7)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе
жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты
қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(8)
USB 3.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы USB
3.0 портына жалғанады.
6
2-тарау Компьютермен танысу