User Guide - Windows 7
HP Connection Manager құралының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру үшін.
▲
Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP
Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының
жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау
) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и
средства (Өнімділік жəне құралдар) > HP Connection Manager (НР Қосылу жөнінде
көмекші) тармақтарын, одан кейін керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін
басыңыз.
HP Connection Manager пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Connection Manager бағдарламасы сымсыз байланыс құрылғыларын басқарудың орталығын
жəне SMS (мəтінді) хабарлар жіберудің əрі қабылдаудың интерфейсін қамтамасыз етеді.
HP Connection Manager бағдарламасы төмендегі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN)/Wi-Fi;
●
Bluetooth
HP Connection Manager құралы байланыс күйі, қуат кү
йі, SIM мəліметтері жəне SMS хабарлары
жайында ақпарат жəне хабарландыру береді. Күй ақпараты мен хабарландырулар тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі.
HP Connection Manager құралын ашу үшін
▲
Тапсырмалар тақтасындағы HP Connection Manager белгішесін басыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлы
қ бағдарламалар) > Производительность и средства
(Өнімділік жəне құралдар) > HP Connection Manager (НР Қосылу жөнінде көмекші) тармағын
таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, HP Connection Manager бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз
байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғыларды
ң емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы
қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары жанып тұрады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Сымсыз желіге қосылу
21