User Guide - Windows 7
5
Мультимедиа
Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін:
●
Кірістірілген динамик(тер)
●
Кірістірілген динамик(тер)
●
Кірістірілген веб камера
●
Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал
●
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Аудио
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
үндеткіштер немесе құлақ
аспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына (немесе
дыбыс шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін,
Дыбысты HDMI көмегімен
реттеу (40-бет) бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгейін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
●
Дыбыс деңгейі түймешіктері
●
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын
арнайы пернелер)
●
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық
,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз. Пайдаланушы
нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
Аудио
35