User Guide - Windows 8.1
Жылжу
Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде
қажет əрекет.
●
Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары,
төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге
немесе үлкейтуге мүмкіндік береді.
●
Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жан-
жаққа жылжытыңыз.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға
арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
27