User Guide - Windows 8.1

Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту
Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту арқылы бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін
бағдарламаларды басқару опциялары көрсетіледі.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, саусақты үстіңгі жиектен жылжыту қимылы
бағдарламаға байланысты əртүрлі болады.
Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі жиектен ақырын
жылжытыңыз.
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей
функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы
функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows
жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта
басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану
Windows жүйесі əрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді.
Арнайы əрекетті орындау үшін, Windows пернесінің
өзін немесе арнайы пернемен бірге
басыңыз.
Пернетақтаны пайдалану
31