User Guide - Windows 8.1

Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
Дыбыссыз суретке түсіру
Бейне
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы
монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Ал кейбір
компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік
беретін HDMI порты болады.
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
VGA
HDMI (Ажыратымдылығы жоғары мультимедиа интерфейсі
)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздің видео порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу (4-бет)
бөлімінен қараңыз.
VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол
сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге
қосады.
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте
көрсетілгендей жалғаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз:
Бейне
37