User Guide - Windows 8.1
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер)
Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық
режимдермен жабдықталған.
●
Ауыспалы графикалық режимдер — AMD™ жəне Intel қолдайды. Егер компьютеріңізде
AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек ауыспалы
графикалық режимдер ғана қолданылады.
●
Қосарлы графикалық режимдер — тек AMD арқылы қолданылады.
Егер компьютеріңізде
AMD Radeon қосарлы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек қосарлы
графикалық режимдер ғана қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосарлы графикалық режимдер DirectX 10-шы немесе 11-ші нұсқасы
қолданылатын толық экранды құрылғыларда ғана іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық
режимдердің қайсысын қолданатындығын анықтау үшін, ноутбугіңіздің графикалық
процессорының конфигурациясын қараңыз. Intel орталық процессорлары (CPU-лар) жəне AMD
өнімділігі жылдамдатылған процессорлар (APU-лар) ауыспалы графикалық режимдерді
қолдайды. AMD A8, A10, жəне FX APU-лары екі жақты графикалы
қ режимдерін қолдайды. AMD
A4 жəне A6 APU-лары екі жақты графикалық режимдерін қолдамайды.
Ауыспалы графикалық режимдер мен қосарлы графикалық режимдердің екеуі де графиканы
өңдейтін екі режимді ұсынады:
●
Жұмыс режимі — бұл режимде бағдарламалар оңтайлы өнімділікпен жұмыс атқарады.
●
Қуат үнемдеу режимі — бұл режим батареяның қызмет ету мерзімін сақтайды.
Ауыспалы графикалық режимдерді пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана)
Ауыспалы графикалық режимдер жұмыс режимі мен қуат үнемдеу режимі арасында ауысуға
мүмкіндік береді.
Ауыспалы графикалық режимдер қуат талаптарына сəйкес жұмыс режимін немесе қуат
үнемдеу режимін жеке бағдарламаларға автоматты түрде тағайындайды. Жеке қолданбаның
реттеулерін өз еркіңізбен өзгерте аласыз
жəне өнімділік режимі мен қуат үнемдеу режимдері
арасында ауыса аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін, ауыспалы графикалық режимдер бағдарламалық
құралының анықтамасын қараңыз.
Қос графикалық режимдерді пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана)
Егер амалдық жүйеңізде қосарлы графикалық режимдер (екі немесе одан да көп графикалық
процессор қосылған кезде) болса, DirectX 10 немесе 11-нұсқасын пайдаланатын толық
экрандық құрылғылар үшін бағдарлама қуаты мен өнімділігін арттыру мақсатында AMD Radeon
қосарлы графикалық режимдерін іске қосуғ
а болады. DirectX туралы толық ақпаратты алу үшін,
http://www.microsoft.com/directx мекенжайы бойынша веб-торапқа өтіңіз.
48
6-тарау Қуатты басқару