User Guide - Windows 8.1
Қатты дискіні шығарып алу
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу (45-бет) бөлімін қараңыз).
5. Қызмет көрсету есіктерін алу (
Қызмет көрсетуге арналған есіктерді алу (55-бет) бөлімін
қараңыз).
6. Қатты дискідегі 4 бұранданы бұрап босатыңыз (1).
7. Қатты дискісін жалғағыштан босату үшін, (2) қатты дискісін компьютер ортасынан
сырғытыңыз.
8. Қатты дискісін ұяшықтан алу үшін, (3) пластик ілгегін тартыңыз.
Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін:
1. Қатты дискіні қатты диск ұясына салыңыз (1).
2. Қатты дискісін жалғағышқа қосу үшін, (2) оны компьютердің орта жағына қарай
сырғытыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану
57