User Guide - Windows 8.1
BIOS əкімші құпия сөзін енгізудің 3 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып,
əрекетті қайта орындау қажет.
Computer Setup құралының DriveLock құпия сөзін басқару
ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолдануға мүлдем жарамсыз болып
қалуын болдырмау үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock негізгі құпия сөзін
компьютерден қашық сенімді бір жерге сақтап қойыңыз. Егер DriveLock құпия сөздерінің екеуін
де ұмытып қалсаң
ыз, қатты диск мүлдем жабылып қалады жəне оны қолдану мүмкін болмайды.
DriveLock - қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған. DriveLock
компьютердің ішкі қатты дискі(лері)не қолдануға ғана жарамды. DriveLock дискіні қорғауға
қолданылса, дискіге кіру үшін құпия сөзді енгізу қажет болады. DriveLock құпия сөздері арқылы
кіру үшін диск компьютерге
немесе жетілдірілген порт репликаторына енгізілуі қажет.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS əкімші құпия сөзі
сізде болуы тиіс.
DriveLock құлпын ішкі қатты дискіге қолдану үшін пайдаланушы құпия сөзін жəне негізгі құпия
сөзін Computer Setup құралында тағайындау қажет. DriveLock құлпын қолдану үшін, келесі
нəрселерді ескеру қажет:
●
Қатты диск DriveLock құралы арқылы қорғалған соң, қатты дискіге тек қана
пайдаланушы
құпия сөзі немесе негізгі құпия сөз арқылы ғана кіру мүмкін болады.
●
Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің күделікті қолданушысы болады.
Негізгі құпия сөз иесі жүйе əкімшісі немесе күнделікті қолданушы болуы мү
мкін.
●
Пайланушы құпия сөзі жəне негізгі құпия сөз бірдей болуы мүмкін.
●
Пайдаланушы құпия сөзі мен негізгі құпия сөзді жою үшін, DriveLock құлпын қатты
дискіден алу қажет болады. DriveLock құлпын қатты дискіден алу үшін негізгі құпия сөзі
ғана қажет болады
.
DriveLock құпия сөзін орнату
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін тағайындау үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10
пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard
Drive Tools (Қатты диск құралдары) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін > DriveLock
опциясын таңдаңыз да, enter пернесін басыңыз.
4. DriveLock құпия сөзін тағайындау (
жиһандық) тармағын басыңыз.
5. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
6. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
7. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру ү
шін YES (Иə) пəрменін таңдаңыз.
8. Сұралғанда, негізгі құпия сөзді жазып, eнгізупернесін басыңыз.
64
9-тарау Қауіпсіздік