User Guide - Windows 8.1

Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Обновления Windows
(Windows жаңартулары) тобын, Изменить параметры (Параметрлерді өзгерту) бөлімін түртіңіз,
одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Client Security қызметін қолдану
HP Client Security бағдарламасы компьютерде алдын ала орнатылған. Бұл бағдарламаны бастау
экранындағы HP Client Security арқылы, Windows жұмыс үстелінен хабарландыру аймағындағы
тапсырмалар жинағындағы оң жақ таңба арқылы немесе Windows басқару панелі арқылы ашуға
болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер
мен өте маңызды деректерге
рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының
анықтамасынан қараңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу
болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы орналасқан жері туралы ақпаратты
Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз.
2. Кілтін (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабеліне салып (3), кілтпен кабель құлпын
құлыптаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана
таңдаулы үлгілерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client қауіпсіздік деректері
менеджеріне тіркеуіңіз қажет. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне
жүгініңіз.
Саусақ ізін Credential Manager
құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-
тораптарда жəне бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау жəне жазу
үшін, HP Client Security бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
HP Client Security қызметін қолдану
69