Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны Hewlett-Packard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel және Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШтағы сауда белгісі. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетуге байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейге қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты заттың немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары KKWW
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ............................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарғы жағы ..........
Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу ........................................................................... 21 Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану .................................................................. 22 Түрту ............................................................................................................ 22 Жылжу ......................................................................................................... 23 Шымшу/масштабтау ............................................
Ұйқылық күйді қосу және одан шығу ........................................................................ 38 Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу .......................... 38 Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану ............................................... 38 Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау ........................................................... 39 Батарея қуатын пайдалану ....................................................................................
BIOS әкімші құпия сөзін басқару .................................................................................................... 54 BIOS әкімші құпия сөзін енгізу ...................................................................................... 56 Computer Setup құралының DriveLock құпия сөзін басқару ....................................................... 56 DriveLock құпия сөзін орнату .......................................................................................
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау .................................................................. 70 Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ............................. 71 BIOS нұсқасын жаңарту .................................................................................................................. 71 BIOS нұсқасын анықтау ................................................................................................ 72 BIOS жаңартуын жүктеп алу ........
қосымшасы б Электростатикалық разряд ................................................................................................... 87 Индекс ..........................................................................................................................................................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына әрекеттерді орындау маңызды: КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (14-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек HP Support Assistant ● Амалдық жүйе туралы ақпарат HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат сервисы (Кепілдік және қызметтер) пәрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде/аймақтарда НР компаниясы басылған НР шектеулі кепілдігін қорапта ұсынады.
2 Компьютермен танысу Жоғарғы жағы сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдар орындалып жатқан кезде қолданылатын саусақ күшін анықтайды. Қимыл қозғалысын күшейтуге арналған қимыл орындалып жатқан кезде сенсорлы тақтаны саусақтарыңызбен күштеп басыңыз. 4 (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Сенсорлы тақта шамы ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: Микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: Микрофон дыбысы қосулы. (4) Микрофон дыбысын өшіру шамы (5) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Түймешіктер, динамиктер және саусақ ізін оқу құрылғысы Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік KKWW Сипаттама (3) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Оң жағы Бөлік (1) (2) Сипаттама SIM картасының қосқышы (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді. Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлақаспаптарға, тығын тәріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады.
Бөлік Сипаттама (4) DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды. (5) Қондыру қосқышы Қосымша қондырма құрылғысын немесе кеңейту порты құрылғысын жалғайды. (6) Aйнымалы ток адаптері/Батарея шамы ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған және батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған. ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған және батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған.
Бөлік Сипаттама USB зарядтау порты арқылы компьютер өшірулі болса да, белгілі бір ұялы телефон және MP3 ойнатқыш үлгілерін зарядтауға болады. ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея қуатында жұмыс істеген кезде бірнеше құрылғыны зарядтасаңыз, батарея қуаты жылдам таусылуы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (45-бет) бөлімінен қараңыз. (4) Шағын SD жад картасын оқу құрылғысы Шағын SD жад карталарына қолдау көрсетеді.
Бөлік Сипаттама (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. (5) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады. Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін, HP Support Assistant бағдарламасын бастаңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Қондыру құрылғыларының қабылдағыштары (2) Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. (2) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1.
● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) және Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз. Төменде берілген суретте интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген.
WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. 2.
● GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы. ● CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы. ● LTE (ұзақ мерзімді эволюция) байланысы LTE технологиясын қолдайтын желілермен жалғайды.
6. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, SIM картасы ұясындағы суретті қараңыз. 7. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 8. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 9. Компьютерді қосыңыз. SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз. GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін.
Сымды желіге қосу (қосымша қондырма құрылғысы немесе сыртқы порт құрылғысы арқылы) Жергілікті аймақ желісі (LAN) – сымды байланыс. Жергілікті желі байланысы компьютердегі RJ-45 желі кабелін (бөлек сатылады), қосымша қондырма құрылғысын немесе кеңейту порты құрылғысын пайдаланады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. Таңдаулы компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлық тақта немесе сенсорлық экран меңзер әрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле бермейді. 1.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Шымшу/масштабтау Қысу және масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. KKWW ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жан-жаққа жылжытыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 12-ден 3-ке дейін сырғытыңыз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 3-тен 12-ге дейін жылжытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде) Жиектерді сипау қимылы параметрлерді өзгерту және бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға компьютердегі құралдар тақталарына қатынауға мүмкіндік береді. Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерге қатынауға мүмкіндік береді. Бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларға қатынау немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, саусақты үстіңгі жиектен жылжыту қимылы бағдарламаға байланысты әртүрлі болады. ● Бағдарлама пәрмені опцияларын көрсету үшін, саусақты үстіңгі жиектен жылжытыңыз. Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f2 Сенсорлы тақтаны қосады және сөндіреді. fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: fn+f4 Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану (1) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады және сөндіреді. ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (2) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтаның әр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі болуына байланысты әртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы: ● num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді. ● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down пернелері сияқты жұмыс істейді.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің құрамында келесі құрылғылар болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген микрофон(дар) ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио Компьютеріңізде немесе қосымша сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын кейбір үлгілерде музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе м
Құлаққаптар/микрофонды қосу Сымды құлаққаптарды және микрофонды компьютердің аудио шығыс (құлаққап)/аудио кіріс (микрофон) ұяшығына қосуға болады. Сонымен қатар, қосымша құлаққап микрофонын қосады. Жазу кезінде жақсы нәтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. ● Бейне түсіріп, ортақ пайдалану ● Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу ● Дыбыссыз суретке түсіру Бейне Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмайақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
VGA (қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту порты құрылғысы) Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. 1. VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін компьютерге жалғанған қосымша қондыру құрылғысындағы немесе кеңейту порты құрылғысындағы сыртқы монитор портына жалғаңыз. 2.
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты өндіруші нұсқауларынан қараңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Дисплейлерді Intel graphics (қосымша хабты) арқылы қосу ЕСКЕРТПЕ: Intel сызбалық реттегішімен және қосымша хабпен ең көп 3 дисплей құрылғысын қосуға болады. Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі DisplayPort қосыңыз. Хабтың қуат адаптерін айнымал ток қуатына жалғаңыз. 2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз. 3.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады. ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
● Батарея зарядының қалған деңгейін және Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін пайдалану немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Assistant бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность (Батарея және өнімділік) пәрменін таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. Төмен батарея деңгейлерін басқару Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады.
42 ● Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
7 Сыртқы карталар және құрылғылар Шағын SD жад карталарын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталары пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
3. Картаны басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2). ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. Смарт карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін білдіреді. Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал.
Смарт картаны шығарып алу ▲ Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Әмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылады. Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін және айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2.
2. Қондыру құралындағы қондыру ұяларын компьютердің астындағы қабылдағыштарға дәлдеп, компьютерді қондыру құралына орныққанша төмендетіңіз (2). 3. Қондыру құралын компьютерге бекіту үшін жалғау түймесін басыңыз (1) Компьютер қондыру құралына орныққанда жалғау шамы жанады (2). Кеңейту порты құрылғысын компьютерге қосу үшін: 1. 48 Кеңейту порты құрылғысының қосқышын компьютердегі қондыру қосқышымен туралаңыз.
2. KKWW Кеңейту порты құрылғысының қосқышын компьютердегі қондыру қосқышы орнына түскенше сырғытыңыз.
8 Дискілер Қосымша сыртқы қатты дискілерді қолдану (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз және компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Дискіні тазалау құралын қосу: KKWW 1. Пуск (Бастау) экранына диск сөзін жазып, Uninstall apps to free up disk space (Дискте орын босату үшін бағдарламаларды жою) опциясын таңдаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады.
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін тағайындау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock қорғау мүмкіндігін жою Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
4. BIOS әкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз. 5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иә) пәрменін таңдаңыз. 7. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз. 2. Кілтін (1) кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабеліне салып (3), кілтпен кабель құлпын құлыптаңыз.
10 Күтім Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензиль амоний хлорид ең көбі 0,3 пайыз концентрация (Мысалы: бір рет қолданылатын майлықтардың сан алуан түрі бар.
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
11 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың және қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу әрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып компьютерді қайта жүктеу және амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану (68-бет) бөлімін қараңыз.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкін болса, бейнені қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранына pc (пк) әріптерін жазып, This PC (Осы ДК) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Бейнені қалпына келтіру бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды Windows амалдық жүйесінің дискісін мен Драйверді қалпына келтіру дискісін (екеуі де бөлек сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады.
Windows жүйесін жаңарту немесе Windows жүйесін қалпына келтіру мүмкіндіктерін пайдалану Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде және жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болғанда, Windows жүйесінің жаңарту функциясы жаңадан бастап, маңызды ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Windows жүйесін қалпына келтіру опциясы компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа тастамас бұрын компьютерді толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруға немесе жеке ақпаратыңызды жоюға мүмкіндік береді.
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің және көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді елемеу және шығу) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS нұсқасын анықтау Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын қамтитынын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет. BIOS нұсқасының ақпаратын (Дата ROM (ROM күні) және Система BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады. 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. 2.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып табылады. 3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту файлы орналасқан қатты дискідегі қалтаны тауып ашыңыз. 4. .
Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын пайдаланылатын жүктеу ретін орнату үшін, мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
а. Қосылған USB диск жетегі ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (76-бет) бөлімінен қараңыз. 2. ә. Қатты диск б. BIOS Диагностикалау құралы ашылғанда, пернетақтадағы көрсеткі пернелердің көмегімен орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP Sure Start әдепкі ретінде қолдануға оңтайлы болу үшін, алдын ала теңшеліп, іске қосылған. Әдепкі конфигурациясын мықты пайдаланушылардың өзгерутіне болады. HP Sure Start жайлы жаңартылған құжаттарды ашу үшін http://www.hp.com/support мекенжайына барып, еліңізді таңдаңыз. Драйверы и загрузки (Драйверлер мен жүктеулер) тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея ұяшығында немесе жад модулі бөлімі есігінің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
ә Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы және басқа қуат параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор (Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пәрменін таңдаңыз. ● Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп теңшелмеген болуы мүмкін.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз. ● Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. ● Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғының, әсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз. ● Дұрыс және жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта бастауыңыз қажет. Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 59 шығарып алу 60 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 35, 36 ақаулықтарды жою дискіге жазу 86 дискіні ойнату 85 сыртқы дисплей 86 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 9 аудио функциялары, тексеру 32 аудио функцияларын тексеру 32 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 9 Ә әкімші құпия сөзі 53 Б бағдарламалық құрал вирусқа қарсы 60 Дискіні дефрагментациялау құралы 50 Дискіні тазалау 50 желіаралық қалқан 61 маңызды жаңартулар 61 батарея батареяның төмен деңге
қатты диск жетегін қалпына келтіру 67 қатты дискіні қалпына келтіру 67 қауіпсіздік, сымсыз 16 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 10 қоғамдық WLAN қосылымы 17 қондыру қосқышы анықтау 10 пайдалану 47 қондыру құрылғыларының қабылдағыштары, анықтау 13 қосқыш, қуат 37 қосқышы қондыру 47 қуат 10 Қосымша драйверлі USB қолдауы 70 қосымша сыртқы құрылғылар, пайдалану 47 қуат батарея 39 мүмкіндіктер 37 үнемдеу 41 қуат қосқышы 37 қуат қосқышы, анықтау 10 қуат параметрлерін орнату 37 қуат түймешігі анықтау 6 пайдалану
сымсыз басқару элементтері амалдық жүйе 14 түймешігі 14 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 17 корпоративтік WLAN қосылымы 17 қажет жабдық 15 қауіпсіздік 16 қоғамдық WLAN қосылымы 17 қосылу 17 пайдалану 15 сымсыз куәландыру белгісі 79 сыртқы диск 47 сыртқы құрылғылар 47 сыртқы монитор порты 34 Т техникалық деректер сымсыз куәландыру белгілері 79 техникалық деректер жапсырмасы 79 тұтынылатын қуат 80 түймешіктер дыбыс деңгейі 31 қуат 6, 37 сенсорлы тақтаның оң жағы 4 сенсорлы тақтаның сол жағы 4 тінтуір, сыртқы б
USB құрылғылары қосылу 46 сипаттама 45 шығарып алу 46 USB порттары, анықтау 9, 10 V VGA порты, жалғау 34 W Windows Жаңарту 69 Қалпына келтіру 69 Windows амалдық жүйесінің DVD дискісі 68 Windows қолданбалар пернесі, анықтау 8 Windows пернесі, анықтау 8 WLAN антенналары, анықтау 11 WLAN жапсырмасы 79 WLAN желісіне қосылу 17 WLAN жүйесін орнату 15 WLAN құрылғысы 15, 79 WWAN антенналары, анықтау 11 WWAN құрылғысы 14, 17 KKWW Индекс 91