User Guide - Windows 10
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс
параметрлерін пайдаланыңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) пәрменін таңдаңыз
.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Бастау
тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс)
опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
Компьютерде Bang & Olufsen, DTS, Beats аудио немесе басқа брендтің жақсартылған дыбыс жүйесі
болуы мүмкін. Нәтижеде компьютеріңізге аудио жүйеңізге арналған аудио басқару панелі арқылы
бақыланатын кеңейтілген аудио
мүмкіндіктері қосылуы мүмкін.
Дыбыстық параметрлерді көру және басқару үшін дыбыстың басқару панелін пайдаланыңыз.
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін
таңдаңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Панель управления (Басқару
тақтасы) пәрменін таңдап, Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құралдар және дыбыс)
таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін таңдаңыз.
Touch to share (Ортақтастыру үшін басу) (тек таңдаулы
өнімдерде)
Компьютеріңізде қосымша Near Field Communication (NFC) аппараттық құралы бар, ол NFC мүмкіндігі
іске қосылған құрылғылар арасындағы сымсыз ортақтасу үшін ақпаратын көругі мүмкіндік береді. NFC
технологиясымен веб-тораптарлы ортақ пайдалануға, байланыс ақпаратын тасымалдауға және NFC
қолдайтын принтерлердегі басып шығару үшін түрту мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Қосымша NFC мүмкіндіктерін бере алатын NFC бағдарламаларын жүктеп алуға болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ортақ пайдалануды бастамас бұрын, құрылғыларыңызда NFC мүмкіндігінің
іске қосылғанына көз жеткізіңіз. NFC мүмкіндігіне Windows 10 құрылғыларында жұмыс істеуге
мүмкіндік беру үшін sBeam сияқты кейбір қызметтерді ажырату керек болуы мүмкін. Құрылғының
Windows 10 жүйесімен үйлесімді екеніне сенімді болу үшін NFC құрылғысының жасаушысын тексеріңіз.
Touch to share (Ортақтастыру үшін басу) (тек таңдаулы өнімдерде)33