User Guide - Windows 7
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді сақтамай
шығу) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау және Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу)
пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мәнге қайтару үшін,
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the
ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде,
esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Restore Defaults (Әдепкі
параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау)
белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу)
пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
ЕСКЕРТПЕ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз және қауіпсіздік параметрлері
өзгермейді.
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін
Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
94 12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)