User Guide - Windows 7
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау
Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі
нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn
+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу
арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup қызметін қосыңыз.
2. Көрсеткі құрал немесе пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > System Information (Жүйе
ақпараты
) тармақтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді сақтамай
шығу) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сәтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе
қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп
алу және орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе ажыратпаңыз.
1. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама
және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
2. Обновления и настройки (Жаңартулар мен реттеулер) тармағын, одан кейін Проверить наличие
обновлений НР (НР жаңартуларының бар-жоқтығын тексеру) тармағын таңдаңыз.
3. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз:
а. Ең кейінгі BIOS жаңартуын анықтап, қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен
салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл
ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы
мүмкін.
ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жаңарту BIOS нұсқаңызбен салыстырғанда ең соңғы жаңарту болса, BIOS жаңартуы жүктеп
алынған қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын
болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының
жаңартуын, әсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік әкімшімен ақылдасыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
Computer Setup пайдалану 95