User Guide - Windows 7
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Legacy Boot Order (Жалпы жүктеу реті) тізімін таңдау үшін, меңзегіш құрылғыны немесе көрсеткі
пернелерді пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз.
– немесе –
Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе төмен
көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз.
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және
шығу) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сәйкес динамикалық түрде таңдау
Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз және Select Boot Device (Жүктеу құрылғысын таңдау) мәзірі
ашылады.
2. f9 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен жүктеу құрылғысын таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
MultiBoot Express кеңестерін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын MultiBoot
бастау мәзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен System Configuration (Жүйе
конфигурациясы) > Boot Options (Жүктеу параметрлері) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter
пернесін басыңыз.
4. Әдепкі параметр ағымдағы MultiBoot параметріне жеткенше компьютердің басталу орналасқан
мәзірін экранға шығару уақытының секундта көрсетілетін мәнін MultiBoot Express Popup Delay
MultiBoot желісін пайдалану 97