User Guide - Windows 7

Бөлік Сипаттама
(6) Жалғау ұясы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды.
(7) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Бөлік Сипаттама
(1) Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен
қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя
қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу
үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама
және қолдау) > User Guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары)
тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(2) DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор
сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды.
(3) USB 3.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы USB 3.0 портына
жалғанады.
ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (57-бет)
бөлімінен қараңыз.
(4) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
(5) RJ-45 (желі) ұясы/шамдары Желілік кабелді қосады.
Жасыл (сол жақта): желі қосылған.
6 2-тарау Компьютермен танысу