User Guide - Windows 7

Бөлік Сипаттама
Сары (оң жақта): желі белсенділік танытуда.
(6) Жалғау ұясы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды.
(7) Қуат жалғағышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Сол жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(2) Желдеткіштер Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(3) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторын немесе проекторын қосады.
(4) USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары
арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтау порты арқылы компьютер
өшірулі болса да, ұялы телефондардың және MP3
ойнатқыштардың кейбір үлгілерін зарядтауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (57-бет) бөлімінен
қараңыз.
Сол жағы 7