User Guide - Windows 7

Дисплей
Бөлік Сипаттама
(1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін
сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
(2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында
сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды.
(3) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады.
(4) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда.
(5) Веб-камера Бейнені жазады және суреттерге түсіреді. Кейбір модельдерде
бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат
сеанстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.
Веб-камераны пайдалану туралы ақпаратты алу үшін, Пуск
(Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Общение и
чат (Байланысу және чат) > НР Веб-камера (НР Веб-камерасы)
пәрменін таңдаңыз.
(6) Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді, ал дисплей қуат қосылып тұрғанда
жабылған болса, ұйқылық күйді қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан
көрінбейді.
*Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды
тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертулерді еліңізге немесе аймағыңызға қатысты
қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына
қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы
нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Дисплей 9