User Guide - Windows 7
Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(5) SIM картасының ұясы (тек таңдаулы
үлгілерде)
Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау
көрсетеді. SIM картасының ұясы батарея ұясында
орналасқан.
Алдыңғы жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
және/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты бекітілген
сымсыз құрылғы қосулы.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз
құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түспен жанып тұрады.
(2) Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып
табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған.
Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес
құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын
қуатты үнемдеу күйі.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid
Start Technology (Жылдам қосу технологиясы)
мүмкіндігі қосылады. RST мүмкіндігі әрекетсіз тұрған
компьютерді бірден іске қосуға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпаратты Қуатты үнемдеу күйлерін
пайдалану (44-бет) бөлімінен қараңыз.
(3)
●
Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған және
батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған.
●
Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған
және батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған.
●
Сары болып жыпылықтап тұрса: Жалғыз қуат көзі
болып табылатын батарея төмен заряд деңгейіне
жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде,
батарея шамдары жылдам жыпылықтай
бастайды.
Алдыңғы жағы 17