User Guide - Windows 7

Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және Интернет) >
Центр управления сетями и общим доступом (Желі және ортақ пайдалануды басқару орталығы)
тармақтарын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) >
Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
Деректер мен дискілерді бөлісу және бағдарламалық құралдарға қол
жеткізу
Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен
шектеліп қалмайсыз
. Желідегі компьютерлер бір-бірлерімен бағдарламалық құралдар мен деректерді
алмаса алады.
ЕСКЕРТПЕ: DVD фильмі немесе ойыны сияқты диск көшіруден қорғалған болса, оны бөлісу мүмкін
емес.
Бір желіде бөлісу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Диск ортақ пайдаланылатын компьютерден Пуск (Бастау) > Компьютер тармағын таңдаңыз.
2. Бөлісетін нәрсені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Свойства (Сипаттар) параметрін
таңдаңыз.
3. Sharing (Бөлісу) қойындысын ашып, Advanced Sharing (Қосымша бөлісу) параметрін таңдаңыз.
4. Share this folder (Қалтаны ортақ пайдалану) ұяшығына құсбелгі қойыңыз.
5. Имя общего ресурса (Ортақ ресурстың аты) мәтін ұясына атау енгізіңіз.
6. Применить (Қолдану) пәрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
7. Ортақ дискіні көру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі және ортақ пайдалануды
басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
WLAN құрылғысын қолдану
WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы
байланыстырылған басқа компьютерлерден және қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті
желіге (WLAN) кіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы және сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде
қолданылады.
Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі әдетте, көптеген
компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі функцияларын бөле
алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
Үйдегі немесе шағын кеңседегі WLAN жүйесі әдетте бірнеше сымсыз немесе сымды
компьютерлерге Интернет байланысы, принтерді және файлдарды аппараттық немесе
бағдарламалық құралдардың қосымша бөліктерін талап етпестен ортақ пайдалануға мүмкіндік
беретін сымсыз жол жоспарлағышын пайдаланады.
Компьютерде WLAN құрылғысын қолдану үшін, WLAN инфрақұрылымына (қызмет провайдері немесе
қоғамдық не біріккен желі арқылы берілген) қосылу қажет.
Сымсыз желіге қосылу 21