User Guide - Windows 7
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірі компьютердің батарея
ұясындағы жапсырмада берілген.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір компьютерлердің батарея ұясында SIM алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала
орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы
ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын салу және шығару туралы ақпарат алу үшін, осы тараудың SIM картасын салу және алу
(тек таңдаулы үлгілерде) (25-бет) бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз. Қосымша ақпарат алу үшін http://www.hp.com/go/mobilebroadband
мекенжайына өтіңіз (тек таңдаулы аймақтарда/елдерде қолданылады).
HP Мобильді байланысын қолдану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Мобильді байланысы - компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты
байланыс ұсынатын қызмет. HP Мобильді байланысы туралы қосымша ақпарат алу үшін
http://www.hp.com/go/mobileconnect мекенжайына өтіңіз.
HP Мобильді байланысын пайдалану үшін компьютерде SIM карта болуы қажет. Бұған қоса, HP
Connection Manager 4.5 немесе одан кейінгі нұсқасы қажет.
SIM картасын салу және алу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Батареяны алыңыз.
Сымсыз желіге қосылу 25